Үйде қамалып қалған 4 жасар бүлдіршін аман қалды
Көкшетауда үйде жалғыз қамалып қалған баланың анасы құтқарушыларға хабарласқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда 4 жасар бала пәтер ішінде жалғыз өзі қамалып қалған. Бұл туралы құтқарушыларға бүлдіршіннің анасы хабарласып, көмек сұраған.
Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу шықты. Олар шанц құралдарының көмегімен 10-қабаттағы пәтердің есігін ашуға кіріскен.
Пәтерге кірген құтқарушылар 2021 жылы туған баланы анасына тапсырды. Құтқарылған балаға медициналық көмек қажет болмаған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші