570

Үржарда босанған ана мен нәрестенің өлімінен соң дәрігерлердің үстінен іс қозғалды

ШҚО-да әйел мен нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Үржарда босанған ана мен нәрестенің өлімінен соң дәрігерлердің үстінен іс қозғалды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданында босанған әйел мен нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Абай облысы полиция департаменті хабарлады.

— Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданының полиция бөлімі медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлайды, — деді Абай облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Сұңғат Әділбеков.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Материал авторы