«Ескерткенмін»: Декретке миллионмен шығуды үйреткен депутат Дәулет Мұқаев сынға қалды

Аиса Махамбет Редактор
04.03.2025, 12:11
751
«Ескерткенмін»: Декретке миллионмен шығуды үйреткен депутат Дәулет Мұқаев сынға қалды жеке мұрағатынан

Декретке миллионмен шыққан аналардың кесірінен бюджетке 158 млн теңге шығын келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда табыстарын жалған көбейтіп, мемлекеттен жоғары жәрдемақы алғандарды тексеру барысында “Декретке миллионмен” курсын өткізген депутат Дәулет Мұқаев сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табысын жасанды түрде көбейтіп, жоғары мөлшерде декреттік төлем алған 113 әйелге қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді. Осы тұста желі қолданушылары депутат Дәулет Мұқаевты сынға алды. Себебі Дәулет Мұқаев депутат болып сайланғанға дейін әйелдерге “Декретке миллионмен” атты курс өткізіп, мемлекеттен көбірек жәрдемақы алудың жолдарын үйреткен. 

Депутаттың өзі желідегі парақшасында оқырмандарының сынына жауап берді. 

“2023 жылға дейін "Декретке миллионмен" сабағымда бар нәрсені түсіндіргеніме кейбір адамдардан ғайбат естіп жатырмын! Олар 100 пайыз менің сабағыма қатыспағандар! Сондықтан мені босқа қаралап, күнә арқаламаңыздар. Мен egov.kz сайтындағы мәліметті қарапайым тілмен түсіндірген адаммын. Тіпті бұл сайтта, 1 млн емес, заңды табысқа сай 2,5 млн туғанға дейін алатын формуланы көрсеткен. Ал мен сабақтарымда осыны қарапайым тілмен түсіндіргенмін. 2 сағаттық видеомда бір емес, 7 рет “өтірік ИП (жеке кәсіпкер) ашпаңыздар” деп ескерткенмін”, – дейді депутат өз жазбасында. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды