Ақтөбеде тісті дұрыс емдемеген клиника тұрғынға 2 млн теңге «қарыз» боп қалды

Аиса Махамбет Редактор
05.03.2025, 14:14
644
Ақтөбеде тісті дұрыс емдемеген клиника тұрғынға 2 млн теңге «қарыз» боп қалды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Ақтөбеде стоматологиялық клиника сапасыз қызмет көрсеткені үшін 2 млн теңге өтейтін болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде науқастың тісін имплантациялау және протездеуде дұрыс емдемеген стоматологиялық клиника сотталды. Ол енді келушіге 2 миллион теңгеден аса ақша төлейді. Бұл туралы “Диапазон” порталы жазды. 

Тұрғын тісін емдету үшін жеке стоматологиялық клиникаға жүгінген. Ол имплант пен протездеу үшін 1 миллион 560 мың теңге төлеген.

Алайда барлық процедурадан кейін тұрғын ауырсыну мен ыңғайсыздыққа шағымданды. Дегенмен клиника әлі де бейімделуге уақыт керегін айтып сендірген.

Сонда да әйелдің жағдайы жақсармағандықтан ол басқа клиникадан көмек сұраған. Ол жерде оның жаңадан салынған екі имплантын мамандар алып тастады. Бұдан кейін ол бастапқыда емделген клиниканы сотқа берді. 

Медициналық және фармакологиялық бақылау комитетінің департаменті диагностика мен емдеудегі, құжаттамадағы заң бұзушылықтарды анықтады. Яғни бұл қате диагноз қою мен емдеу тактикасындағы қателіктерге байланысты болған. Сот стоматологияның талапкерге тиісті медициналық қызмет көрсетпегенін растады.

“Сот талапкердің пайдасына емханадан материалдық шығыны үшін 1 миллион 560 мың теңге және моральдық зиян үшін 500 мың теңге өндіріп алды”, – деп хабарлады Ақтөбе сотының баспасөз қызметі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды