«Бәрібір түрмеге отырғызамын деді»: 4 баланың әкесі полицейлердің қысымынан соң өзіне қол жұмсаған

Аиса Махамбет Редактор
05.03.2025, 15:24
677
«Бәрібір түрмеге отырғызамын деді»: 4 баланың әкесі полицейлердің қысымынан соң өзіне қол жұмсаған orda.kz

Тергеушілер дүкенде жоғалған 300 мың теңгенің дауынан соң бәрі ұрлыққа марқұм Азат пен оның бауыры Сағаттың қатысы бар деген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында 4 баланың әкесі полиция қызметкерін кінәлап, өзіне қол жұмсады.

Жетісу облысының Сарыөзек ауылында 27 жастағы Азат Құдайбергенов өзіне қол салды. Марқұм өзіне қол жұмсамас бұрын өліміне полиция қызметкері кінәлі екенін айтып, хат жазып қалдырған. Бұл туралы Orda.kz басылымы жазды. 

Оқиға ауылдағы дүкеннің сейфінен шамамен 300 мың теңге ақшаның жоғалуымен басталған. Полиция ұрлық жасады деген күдікпен оқиғадан 10 күн бұрын сол жерден жұмыстан шығып кеткен марқұм Азат және оның бауыры Сағат Құдайбергеновтерді ұстаған. 

"Оларға ұрлаған адамның кім екені маңызды болмады. Полиция 19 ақпан кешке бізді тергеуге шақырды. Таңға дейін ұстады. Қорқытты. Оларға тергеу қажет болған жоқ, оларға айыптайтын адам керек болды. Біз ұрлыққа қатысымыз жоқ екенін, тіпті дүкенде болмағанымызды түсіндіруге тырыстық, бірақ оларға бәрібір болды. Олар дәлел іздеген жоқ. Бізге мойындатқысы келді", – дейді Сағат Құдайбергенов. 

Марқұмның бауырының айтуынша, тергеу кезінде бөлмеге Олжас есімді полиция қызметкері кірген. 

"Тергеу кезінде кабинетке Олжас есімді полицей кірді. Бір кездері Азат екеуінің арасында жанжал болған, сол үшін кек сақтап қалғандай көрінді. Ол бізге үкім шығарып қойғандай: “Сендер ұрладыңыздар. Мен сендерді түрмеге отырғызамын” деді”, – дейді Самат. 

Осындан кейін ағайындылар таңертең Кербұлақ аудандық полиция бөліміне қайта келулері керек болған. Бірақ Азат бауырына қоңырау соғып, полиция бөліміне бармайтындарын айтып, басқа жерге келуін өтінген. 

"Таңертең маған Азат қоңырау шалды. Дауысы ерекше сабырлы болды. Ол полицияға бармайтынымызды айтты. Ал кейінірек, сағат 11:00 қайта қоңырау шалып, “Жылдам көлге кел. Әкемізді ала кел. Тек жалғыз келме“ деді. Мен қорқып кеттім, не боп жатқанын сұрадым, бірақ ол тек бір “жалғыз келме” деп жауап берді”, – дейді марқұмның бауыры. 

Кейін әкесімен бірге ауыл шетіне келген Самат ағасының асылып қалғанын көрген. Электр бағанасына асылып қалған Азатты әкесі мен бауыры жүрге түсіріп алған. Кейін марқұмның бас киімінің ішінен хат табылған. 

“Данияр аға, камераны ашып, жазбаларды қараңыз. Сағат кінәсіз. Оның және өз отбасымның атымен мен бұл шындықты өліміммен дәлелдеймін.

Анашым, мені кешірші. Сенің ақымақ ұлың осындай жолмен кетті. Анашым, менің төрт балам енді сендерге аманат. Әке, егер мен сені ренжітсем, кешір. Екі қарындасым, шеккен азап үшін кешіріңдер.

Анашым, мен бұл жаланы көтере алмаймын.

Анашым, маған Октябрьдің ұлы — Олжас тиісті. Ол маған: “Мен сені бәрібір түрмеге отырғызамын“ деді. Ал кеше бізді Сағатпен бірге Бағдат есімді жігіт тергеді. Ол адал, менің өліміме кінәлі емес.

Мынаны адамдарға көрсетіңіздер!”, – делінген марқұмның хатында. 

Сағаттың айтуынша, оқиға орнына бірінші болып, полицейлер емес, неге екені белгісіз, хатта аты аталған Олжастың әкесі Октябрьдің өзі келген.

Азаттың анасы Гүлбағиза Оңғарбаева ұлының денесінде ұрып-соғу іздері болғанын айтады. 

"Оның ерні жарылып кеткен. Шынтақтарында көгерулер мен сызаттар болды. Мен оны полицияда ұрып-соққанына сенімдімін. Ол шыдамай, ақыры осы шешімді қабылдады. Оның ойынша, бұл оның кінәсіздігін дәлелдеп, осы бассыздықты тоқтатуға көмектесетін жалғыз жол болған шығар", – дейді марқұмның анасы. 

Кербұлақ аудандық полиция бөлімі Азат есімді жас жігіттің денесін жоғары вольтты бағананың астында арқанмен асылған күйде тапқанын хабарлады. Қылмыстық іс “өзіне қол жұмсауға жеткізу” бойынша қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті