Қазақстанда тәртіпсіздікке шақырғаны үшін салынатын санкция күшейтілмек

09.03.2023, 13:31
590
Қазақстанда тәртіпсіздікке шақырғаны үшін салынатын санкция күшейтілмек

Парламент сенатының депутаттары палатаның 9 наурыздағы жалпы отырысында жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін жазаны күшейтуді көздейтін заң жобасын екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мұндай норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу, жазаны атқару, азаптаулар мен өзге де қатыгездіктің алдын алу саласындағы Адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас, адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында белгіленген. 

Оны Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.

"Жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану, қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық, ерекше цинизммен және қылмыстық топ құрамында жасалған кісі өлтіру және бандитизм үшін санкцияларды күшейту көзделіп отыр. Мұндай адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан шектеу көзделіп отыр", деді Ішкі істер министрі.

Сонымен қатар құжатта отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтарға, атап айтқанда, денсаулыққа ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіру – "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты әрекет жасау" деген біліктілік белгілері енгізілген.

Бұл қылмыстың ауырлығын жеңілден орташа ауырлыққа дейін арттырып, санкцияны күшейтеді: егер қазір 106-бапта 3-тен 8 жылға дейін көзделген болса, онда құжат қабылданса, 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

2023 жылғы 5 қаңтарда ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктің жаңа мәліметтерін айтып, 238 адамның өлімінің мән-жайын жариялады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды