Қазақмыс қаза болған кеншілердің отбасына барлық несиелерін өтеп берген

Аиса Махамбет Редактор
06.03.2025, 09:10
662
Қазақмыс қаза болған кеншілердің отбасына барлық несиелерін өтеп берген Kazakhmys Holding

Несие көлемі 90 млн теңге көлемінде болған. Ал кеншілерді жерлеуге 2,2 млн теңге жәрдемақы берілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақмыс корпорациясы Ұжымдық шарт пен өмірді сақтандыру бағдарламасының міндеттемелерін орындау аясында кеншілердің отбасына жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Отбасылардың екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы негізгі борыштарының қарызы толығымен төленді. Төлемдердің жалпы сомасы шамамен 90 млн теңгені құрады. Әрі қарай отбасылар қаржы ұйымдары алдындағы қарызды өз бетінше өтеуі тиіс.

Бұған дейін Қазақмыс барлық отбасыға 10 жылдық жалақы мөлшерінде (84 млн теңгеден 142 млн теңгеге дейін) өтемақы және жерлеу рәсіміне 550 АЕК (2,2 млн теңге) көлемінде жәрдемақы төледі. 

Сонымен қатар "KM Life" АҚ сақтандыру компаниясы жерлеу рәсімін атқару үшін әр отбасына 100 АЕК төледі. 

Сондай-ақ балалары 23 жасқа толғанға дейін ай сайын 524 мыңнан 921 мың теңгеге дейін асыраушысынан айырылуына байланысты сақтандыру төлемі тағайындалады. Көрсетілген сомалар жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индекстеледі.

Бұған қоса қазір туыстарын жұмысқа орналастыру және қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын студент балаларының оқу ақысын төлеу мәселесі қарастырылуда.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)