790

Жалған куәлікпен жұмыс істеген мұғалімдер ұсталды

Маңғыстау облысында жалған куәліктері барлар оқушыларға білім беріп келген.

Жалған куәлікпен жұмыс істеген мұғалімдер ұсталды
Pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды.

Мысалы, «Ә» есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс жасаған. Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды. Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор