Жетім және мүгедек балалар үшін жатақхана құнының 50% мемлекет өтемек

09.03.2023, 14:25
653
Жетім және мүгедек балалар үшін жатақхана құнының 50% мемлекет өтемек

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидалары туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекет білім алу кезеңінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға арналған шығыстарды ішінара өтейді», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында.

Айта кетейік, қолданыстағы ережеге сәйкес, аталған санаттағы білім алушылардың ішінара шығыны мемлекет тарапынан өтелмейді. Сонымен қатар, енді жоғары оқу орындарында оқитын жетім және мүгедек баралардың жатахана шығыстарының 50%-ын Үкімет жабады.

«Мемлекет көрсетілген санаттағы азаматтарға жоғары білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін 29 айлық есептік көрсеткіштен (96 600 теңге) аспайтын тұру құнының 50 пайызы мөлшерінде шығыстарды өтейді», - деп өзгеріс енгізілген қаулыға.

Құжат 28 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді