«Құны 1,5 млрд теңге»: Нығматулиннің әйелінің Алматыдағы үйі туралы таң ақпарат тарады

Аиса Махамбет Редактор
06.03.2025, 12:52
808
«Құны 1,5 млрд теңге»: Нығматулиннің әйелінің Алматыдағы үйі туралы таң ақпарат тарады әлеуметтік желіден

600 м² тұрғын үйдің терезесі Назарбаевтың резиденциясына қарайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іздеуде жүрген Арғын Нығматулиннің жұбайы Найле Бельбаева Алматының беделді Медеу ауданында орналасқан элиталық таунхаустың иесі.

Бұл мүлік бұрынғы “Алмалы Горная 103 Б” тұтынушылар кооперативінің аумағында орналасқан. Аталған кооперативтің құрылтайшыларының бірі – Найле Бельбаева. 2022 жылы кооператив қызметін тоқтатқанымен, деректер базасы оның бұл активке әлі де иелік ететінін көрсетеді. Бұл туралы "Выход к морю" Telegram арнасы хабарлады.

Элиталық кешен әйгілі “Медеу” мұз айдынына апаратын жолда, Керей-Жәнібек хандар көшесінде (бұрынғы Горная көшесі) орналасқан. Мұнда барлығы 12 таунхаус бар, ал кешеннің аумағы жабық және жеке күзетпен қамтылған.

Арғын Нигматулин мен оның әйелі 103/17, 2-корпуста тұрады. Олардың иелігінде 600 м² тұрғын үй, жеке автотұрақ, шатырдағы терраса және шағын бақ бар. Таунхаустың терезелері бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясына қарайды. Қазіргі таңда бұл нысан мемлекет меншігіне өткен.

Алматының элиталық Медеу ауданындағы таунхаус кешені тек ықпалды әрі танымал тұлғаларға арналған. Бұл жерде кездейсоқ адамдар тұрмайды. Найле Бельбаеваның көршілерінің арасында да белгілі адамдар бар. Солардың бірі – Нұрлан Нигматулиннің ағасы Ерланның жары Бақыт Серікбаева.

Бастапқыда "Алмалы Горная 103 Б" кооперативінің құрылтайшылары қатарында мыналар болған:

  • Ақмарал Баталова – Асқар Баталовтың (бұрынғы вице-министр) жұбайы;
  • Жанна Оспанова – Руслан Шаекиннің (бизнесмен) әйелі;
  • Жанна Жақсыбек – Дәурен Жақсыбектің (банкир) жары;
  • Марфуға Балтабаева – Нұрлан Игембаевтың (KTZ Express-тің экс-басшысы) қайыненесі;
  • Ляззат Сәрсенова – Аниятулла Сәрсеновтың (Алматыдағы қаржы мониторингі департаментінің бұрынғы басшысы) қарындасы;
  • Ерқанат Жұмабеков пен Нұрлан Байдәбеков – белгілі кәсіпкерлер.

Бұдан бөлек, бұл кешенде заңмен мәселелері болған тағы бір тұлға – Елдос Қоспаев тұрды. Ол Болат Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі саналған. 2024 жылдың қаңтарында Қоспаев қылмыстық топ құрғаны үшін 15 жылға сотталды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды