Астанада көлік қаққан 7 жасар қыз қайтыс болып кетті
Қыз оқиға орнында қаза болған…
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада баланы көлік қағып кетті. Ол ауыр жақаттан қаза болды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала көз жұмды.
Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған жол апаты салдарынан ауыр жарақаттар алған кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, – деп мәлімдеді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетті. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, баланың биологиялық өлімі тіркелді
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор