1022

Алматы әуежайында ер адам құжатын көрсеткісі келмегендіктен қызметкерді кепілге алды

7 минуттан соң қаскөйді полицейлер ұстап алды.

Алматы әуежайында ер адам құжатын көрсеткісі келмегендіктен қызметкерді кепілге алды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Алматы әуежайында бойжеткенді шашынан ұстап, пышақ кезеп тұрған видео тарады.

Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45-те ішкі терминалда болған.

Әуежай мәліметінше, ер адам жолаушы секілді ұшу алдындағы тексеріс аймағына барған. Қызметкерлер одан құжаттарын көрсетуін сұрағанда, ол кенеттен қауіпсіздік қызметкеріне пышақ кезенген.

Араға 7 минут салып қаскөйді полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі таңда ол қамауға алынды, құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор