«Тобығым жарылып, қызыл асық тайып кеткен»: Роза Әлқожа аяғын баса алмай қиналып жүргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
07.03.2025, 14:14
837
«Тобығым жарылып, қызыл асық тайып кеткен»: Роза Әлқожа аяғын баса алмай қиналып жүргенін айтты жеке мұрағатынан

Арнайы аяқкиім алғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығының сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі аяғын сындырып алған еді. Алайда сол сынықтың зардабы әлі күнге дейін сезілетін көрінеді. 

“Былтыр ақпан айының ортасында аяғымды қайырып алып ем ғой?! Сонда тобығым жарылып, қызыл асық тайып кеткен еді. Содан бері аяқкиім табу қиын. Өзгеріске ұшырағаны бар, ауа райына байланысты биік өкшемен жүре алмай қалатыным бар, біраз қиналдым. Соның шешімі табылды. Арнайы аяқкиім тігетін жерді тауып, қуанып қайттым. Енді қолдан тігілген етік киетін болдым. Ұлттық құндылығымызға ішіміздің жылып тұратыны жасырын емес”, – деді әнші. 

Айта кетейік, эстрада жұлдызы 40 күн гипске таңылып қалғанын жазған едік. 

“Үш апта бойы көтерсем де, төмен түсірсем де, қақсаған аяғым гипстың ішінде әбден қиналыпты. Алдыңғы күні травматологқа барып “жиырма күн болды ғой, шешіп көрейік” десем, “тобық теп-тегіс боп, ісіп, көгеріп тұр. Түк өзгеріс жоқ, кальций іштіңіз бе өзі?!” дейді дәрігер. Көңіл-күйім түсіп кетті. Тағы 40 күнге жаңа гипс салып берді. Ештеңеге зауқым болмай үйде жаттым”, – деген еді өнер иесі. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады