728

Тоқаев Алматы әуежайында қаскөйді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынды

Қылмыскердің суық қаруын тартып алған адамға Президент награда беретін болды.

Тоқаев Алматы әуежайында қаскөйді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды, - делінген хабарламада.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор