Бүгін Құман Тастанбековтің туғанына 80 жыл
10 наурыз – Қазақстанның халық әртісінің туған күні.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері Құман Тастанбековтің туғанына - 80 жыл.
Актер 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін тамамдады. Кейін Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
Актердің алғаш ойнаған рөлі – «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін «Қыс – мазасыз маусым», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді» т.б. фильмдеріне түсті.
Бұдан бөлек театр сахнасында да көптеген рөлдерді сомдады. Актер 2016 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Парасат орденімен» марапатталды.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор