Танымал айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова өмірден өтті

Аиса Махамбет Редактор
10.03.2025, 14:15
849
Танымал айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова өмірден өтті жеке мұрағатынан

Ақын мұғалімдік іспен де айналысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Құрмет” орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, айтыскер ақын, қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Шолпан Батырқызы Қыдырниязованың дүниеден озды.

Қыдырниязова Шолпан 1949 жылы 6 мамырда Қаратөбе ауданы Қаракөл аулында дүниеге келген.

1956-1966 жылдар аралығында Алакөл бастауыш, Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектептерінде оқып, білім алды. Кейін Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істейді.

1967-1971 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.1971-1976 жылдарда Қаратөбе ауданы Шөптікөл сегізжылдық мектебінде мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

1976-1983 жылдары «Еңбек туы» газетінде радиохабар ұйымдастырушы тілші, жауапты хатшы, 1983-1993 жылдары халық депутаттары аудандық кеңес атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, төраға орынбасары, аудан әкімі орынбасары міндеттерін атқарды, бірнеше рет аудандық кеңеске депутаттыққа сайланған.

2004-2008 жылдары жаңадан ашылған Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып қызмет атқарды Республикалық екінші ақындар айтысында бірінші орынға ие болып, 1980 жылы «Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын иеленген.

«Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан мәслихатына - 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы».

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды