Францияда сот отырысына келмеген Мұхтар Әблязовқа айыппұл салынды

09.03.2023, 17:12
613
Францияда сот отырысына келмеген Мұхтар Әблязовқа айыппұл салынды

Франциядағы Экс ан Прованс қаласының апелляция соты 7 наурыз күні Мұхтар Әблзяовқа айыппұл салу жөнінде шешім шығарған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БТА банктің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Франция соты Мұхтар Әблязовтың сот отырысына келмеуін саяси қуғынға ұшырауымен байланыстырған уәжін қабылдаудан бас тартқан.

«Ол 2021 жылдың 15 және 16 маусымында Экс ан Прованс қаласындағы сотқа келіп, жауап беруі керек болған. Соңғы сәтте Әблязов өз адвокаты арқылы саяси қуғыннан сақтанғандықтан франциялық соттың нұсқауымен жүргісі келмейтінін мәлімдеген. Кейін БТА Әблязовқа сотқа келмегені үшін айыппұл салу жөнінде ұсыным хат жолдаған. Апелляция соты оның 2018 жылы да осыған ұқсас шақыруға келмегенін анықтады. Сондай-ақ, Әблязов әуелі Англияда босқын мәртебесінен айырылды. Кейін Францияда да осындай мәртебеден айырылды. Сондықтан ол сотқа келмеуіне босқын мәртебесін сылтау ретінде қолдана алмайтын», - деп жазылған БТА банк мәліметінде.

Банк мәліметінше, бұған дейін тергеу судьясы Әблязовқа сот бақылауы шарасын тағайындап, талап бойынша сотқа келуге міндеттеген.

Мұхтар Әблязов сол талапты бұзып, Экс ан Прованс қаласы сотының шақыруын орындамаған.

7 наурызда Экс ан Прованс қаласының апелляция соты Мұхтар Әблязов соттың келу талабын орындамағанын растаған шешім шығарды.

Осыған байланысты оған айыппұл салынды.

«БТА Банкі француз сотының әділ шешімін құптайды. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары бірнеше рет сот процесіне қатысудан бас тартып, көптеген сот шешімдерін, соның ішінде АҚШ-та да бұзды. Ол үшін жауапқа тартылып, айыппұл арқалады», - делінген ресми мәліметте.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді