«Теріс әсері болмады»: Үкіметте бірыңғай уақыт белдеуі халыққа кері әсер етпегені айтылды

11.03.2025, 13:49
459
«Теріс әсері болмады»: Үкіметте бірыңғай уақыт белдеуі халыққа кері әсер етпегені айтылды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Министр мониторинг жүргізілгенін алға тартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет отырысында бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты мәселе көтерілді.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына, энергия тұтыну және еңбек өнімділігінің әсеріне мониторинг жүргізілгенін алға тартты. Оның айтуынша, жұмыс барысында деректерді зерттеу, сауалнама нәтижелері мен уақыт белдеуі өзгеруіне дейінгі және одан кейінгі көрсеткіштерді салыстыратын кешенді тәсіл қолданылды.

Министрдің сөзіне қарағанда,  40 астам метрика мен көрсеткіштерді қамтитын уақыт белдеуінің өзгеруі халықтың денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол көлік оқиғалары көрсеткішіне, қылмысқа және басқа аспектілерге әсерін бағалау бойынша зерттеу әдістемесі бекітілді.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша халықтың жас шамасына қарай бөлінген топтарын және қала мен ауыл тұрғындарын қамтитын талдау жүргізілді. Энергия тұтыну бойынша ең жоғары жүктемелердің әсерін бағалау және еліміз  бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерде электр энергиясын тұтынудағы статистикалық салыстыру жұмыстары жүргізілді. Еңбек қызметі бойынша да талдау жұмыстары жүргізілді. Нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері болмағанын айқындайды, - деді ол.

Сонымен қатар өңірлерде талқылау барысында мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдаған.

Бүгінгі таңда, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара, Күршім) тұрғындар тарапынан қолдау тауып, жұмыс кестесі 8:00 (таңғы сегізден) 17:30 (кешкі бес жарымға) дейін өзгертілді. Бұл шаралар, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға сондай-ақ кәсіби және жеке өмір арасындағы теңдікті жақсартуға бағытталған, - деп қосты министр.

Ведомство басшысы осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі барын еске салды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген