Әділет органдарының қызметі: алимент өндіру және борышкерлермен жұмыс

11.03.2025, 15:29
631
Әділет органдарының қызметі: алимент өндіру және борышкерлермен жұмыс Бірғаным Әлиқызы

11 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Кездесуде әділет органдарының негізгі қызметі, алимент өндіру мәселелері және борышкерлерді жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Әділет органдарының құқықтық негізі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңмен қаланды. Осы кезден бастап әділет органдары еліміздегі құқықтық жүйенің дамуына ықпал етіп келеді.  

Олардың қызметі:  
- Мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу,  
- Заң жобаларын дайындау және талдау,  
- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,  
- Құқықтық көмек пен заң қызметтерін көрсету,  
- Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау,  
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу,  
- Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту.  

Талғат Уәлидің айтуынша, алимент өндіру – Әділет министрлігінің тұрақты бақылауындағы маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі.  

«Қазіргі таңда елімізде 283 мың алиментке қатысты атқарушылық іс бар. Олардың 272 мыңы ер адамдарға, 11 мыңы әйелдерге тиесілі. 16 352 іс бойынша жалпы берешек сомасы 11 млрд теңгеден асады», – деді Талғат Уәли.  

Көп жағдайда алимент төлемдері бухгалтерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Алайда кейбір борышкерлер міндеттемелерін орындаудан жалтарады, сондықтан әділет органдары оларды жұмысқа орналастыру шараларын қолға алуда.  

2023 жылы әділет органдарының араласуымен 4 238 адам жұмысқа орналастырылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 6 мыңнан астам адамға жетті.  

«Биыл да жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, борышкерлерді жұмыспен қамту шараларын жалғастырамыз», – деді Талғат Уәли.  

Егер борышкер алимент төлеу міндеттерін орындамаса, оған әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылады. 2024 жылы:  

- 4,5 мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  
- ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 139 адам сотталды.  

Бұдан бөлек, борышкерлердің банк шоттарына бұғат қойылып, шетелге шығуына тыйым салынуда.  

Алименттен жалтарған борышкерлердің мүліктерін тәркілеу шаралары да жүргізіліп жатыр.  

- Астана қаласында Mercedes-Benz S 400 маркалы автокөлік 23 млн теңгеге сатылып, қаражат алимент алушыға аударылды.  
- Жамбыл облысында борышкердің 11 млн теңгеден астам жылжымалы мүлкі тәркіленді.  
- Алматыда 9 млн теңге көлеміндегі қарызды өтеу үшін 2017 жылғы Hyundai Tucson автокөлігі өндіріп алушыға табысталды.  

Әділет органдары борышкерлермен жұмысты күшейтіп, алимент төлемдерін өндіру бойынша түрлі шараларды жүзеге асыруда. Жауапкершіліктен жалтарған тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жазалар қолданылып, шетелге шығуға тыйым салу, мүлікті тәркілеу сияқты заңды механизмдер белсенді түрде іске асырылып жатыр.


Мақала авторы: Бірғаным Әлиқызы

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады