Алименттен қашқан қазақстандықтарға қандай шара қолданылды?

11.03.2025, 15:58
585
Алименттен қашқан қазақстандықтарға қандай шара қолданылды? Дина Ғалымжанқызы

Былтыр алимент төлемеген 4,5 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгін Астана қаласының «Орталық Коммуникациялар Қызметінде» «ҚР Әділет Министрлігі жұмысы туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте Әділет Министрлігінің Баспасөз хатшысы Талғат Уәли Алимент төлемеген Қазақстандықтарға қандай шаралар қолданылғаны туралы сөз қозғады. Айта кетсек, 2023 жылдың статистикасы бойынша Қазақстанда 221 884 адам балаларына жалпы сомасы 18 миллиард теңгеге жуық алимент төлемеген еді, алайда қазіргі таңда бұл статистикалық көрсеткіш әлде қайда өскен. Сонда, қазір өндірісте 283 мың атқарушылық іс бар. Оның ішінде борышкер ер адамдар саны - 272 мың болса, әйелдер саны 11 мыңнан асады. Бұл атқарушылық істің- 16 352 ісі бойынша берешек 16 млрд теңгені құрайды. 

Сондай-ақ, Талғат Уәли борышкерлердің жауапкершілікке тартылуы мен оларға қолданылатын алдағы шаралар жайында айта кетті:

«Өз міндеттерін орындамағаны үшін борышкерлер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәселен, 2024 жылы 4,5 мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал ҚК 139-бабы бойынша 391 адам сотталды. Сондай-ақ борышкерлердің банк шоттарына тыйым салу және ҚР аумағынан шығуға шектеулер сияқты шаралар қолданылады».

Әділет органдары мен әкімдіктердің бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы – 4 238 адам жұмысқа орналастырылса, бұл көрсеткіш 2024 жылы 6 мыңнан астам адамды құраған.

Автор: Дина Ғалымжанқызы

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды