680

Робот сот орындаушысы жобасы 600 млн теңге үнемдеген

Елімізде 2024 жылдың тамыз айынан бастап Әділет министрлігі әзірлеген«Робот – сот орындаушы» жобасы іске қосылып, оңайлатылған іс жүргізубасталғаны белгілі. Қазірде жоба өз жемісін беріп, миллиондарды үнемдеп отыр.

Робот сот орындаушысы жобасы 600 млн теңге үнемдеген
жасанды интеллект

Бұрынғыдай борышкерге кеңсе жағалауды қажет етпей, үйден отырып-ақтиісті төлемін жасап, кеңесін алуға мүмкіндік береді. «Робот – сот орындаушы» цифрлық жобасы азаматтардың уақытын ғана емес, қаржысын да үнемдейді. Жеке сот орындаушылар өз қызметі үшін қарыз сомасының 25%-і көлемінде ақы алып келсе, робот сот орындаушы тегін қызмет көрсетеді.

Бұл жобаның көрсеткіші ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеме жасады:

̶  Өткен жылдың тамыз айында іске қосылған «Робот сот орындаушысы» жүйесі 500 - ге жуық іс бойынша 600 млн теңгеден астам қаражат үнемдеді. Жылдық үнемдеу 5 млрд теңгеге дейін жетеді. Бүгінде «Робот сот орындаушысы» арқылы өндіріп алу сомасын 20-дан 40 АЕК-ке дейін арттыру жоспарда бар.

 

Мақала авторы: Жансая Нұрғалиқызы