Алматыда Жириновскийдің 80 жылдығына орай ескерткіш орнатылады – Ресейлік БАҚ

Аиса Махамбет Редактор
11.03.2025, 16:04
543
Алматыда Жириновскийдің 80 жылдығына орай ескерткіш орнатылады – Ресейлік БАҚ Sputnik / Дмитрий Астахов

Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылады деген ақпарат тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылы сәуір-мамыр айларында Алматыда ЛДПР негізін қалаушы Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылады деген ақпарат тарады. Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Саранск және Алматы қалаларында саясаткердің туғанына 80 жыл толуына орай ескерткіш орнату жоспарланған.

Баспада бар құжатқа сәйкес, Владимир Жириновскийге арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, сәуір-мамыр айларында ескерткіштердің салтанатты ашылуы өтеді, – делінген хабарламада.

Алматы қаласының әкімдігі ескерткіш орнату ұсынысы түспегенін мәлімдеді.

Алматы қаласының мәдениет басқармасына В.Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ,- деді Алматы қаласының әкімдігі

Айта кетейік, Жириновский 2022 жылы 6 сәуірде 75 жасында өмірден өткен. Ресейде оған арнап салтанатты рәсімдер өткізіліп, саясаткердің қызметіне байланысты кинофильмдер көрсетілген.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 6 қарашасында Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылы Жириновскийдің 80 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды