439

Енді шымкенттіктер Мюнхенге тікелей ұшып бара алады

Шымкенттен Мюнхенге тікелей әуе рейсі ашылатын болды.

Енді шымкенттіктер Мюнхенге тікелей ұшып бара алады

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 27 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды.

Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жолаушыларды тасымалдайды. Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы қолайлы байланыстарды қамтамасыз етіп, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік бермек.

Қала әкімдігі Шымкент – Мюнхен бағытындағы әуе рейсінің билеттер сатылымы ашық екенін атап өтті.

Материал авторы