772

Президент Дариға Тілендиеваның жақындарына көңіл айтты

Кеше Нұрғиса Тілендиевтің жары бақиға аттанды.

Президент Дариға Тілендиеваның жақындарына көңіл айтты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өткені белгілі болған еді.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Материал авторы