Әйелдерге миллионмен декретке шығуды үйреткендер заң алдында жауап бере ме?

Аиса Махамбет Редактор
12.03.2025, 11:16
576
Әйелдерге миллионмен декретке шығуды үйреткендер заң алдында жауап бере ме? Adobe Stock

Декретке миллионмен шыққан аналардың кесірінен бюджетке 158 млн теңге шығын келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүктілік пен босану төлемдерінің сомасын үлкейтудің әдістерін үйрететін консультациялық қызметтердің үстінен шағым түсірген. Бұл туралы ведомствоның Kazinform сауалына жолдаған жауабында айтылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БАҚ өкілдеріне жүктілік пен босану төлемдерін шамадан тыс рәсімдеген 113 адамның үстінен қылмыстық 16 іс қозғалғанын мәлім еткен болатын. Kazinform осы қылмыстық істердің орбитасында «Миллионмен декретке» курсының авторлары бар-жоғын сұрады.

- Бүгінде біз әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook және т.б.) үшінші тұлғалардың тарапынан әр түрлі консультациялық қызметтердің, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері мен декреттік демалысқа шығуды жоспарлап отырған әйелдер арасында «формалды» еңбек шарттарын жасасу арқылы әлеуметтік төлемдерді жоғары мөлшерде алу тәсілдерінің айтарлықтай өскенін байқап отырмыз, - деп жазылған жауапта.

Осы орайда қазір құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

- Аталған мәселе бойынша министрлік пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өздерінің құзыреті бойынша тиісті іс-шаралар жүргізу үшін құқық қорғау органдарына бірқатар өтінішке бастамашылық жасады. Қозғалған қылмыстық істер шеңберінде жедел тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді, - деп жазылған жауапта.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды