Биыл 1000-нан астам ұландық отандық және шетелдік әскери жоғары оқу орындарында білім алуда

12.03.2025, 11:50
472
Биыл 1000-нан астам ұландық отандық және шетелдік әскери жоғары оқу орындарында білім алуда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта 1000-нан астам әскери қызметші жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгеруде. Олардың ішінде шамамен 800-і – отандық оқу орындарында, ал 30-дан астам офицер мен 200-ге жуық курсант Ресей, Түркия және Қытай елдерінде оқып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ерекше назар құқықтық тәртіп әскері офицерлерінің қайта даярлаужәне біліктілігін арттыруға аударылады. Жыл сайын 450-ге жуық әскери қызметші Қазақстан мен шетелдегі арнайы курстарға жіберіледі.

Оқу процесі шынайы жағдайларға барынша жақындатылған. Қатаңтәртіп, тактикалық дайындық және заманауи әскери стратегияларды зерттеу болашақ сенімді офицер ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Қазақстандық курсанттармен қатар, біздің университетте ТМД елдерімен Африка құрлығынан келген тыңдаушылар да білім алуда. Мен Қазақстанжәне Ұлттық ұлан атынан осы оқу орнында оқып жүргеніме мақтанамын. Оқу бізге әскери журналистика саласында білім беріп қана қоймай, тактика, қару-жарақ пен ұрысты ұйымдастыру қағидаларын түсінуге мүмкіндікбереді. Біз нақты әскери операцияларды талдап, стратегиялық шешімдерді зерттейміз және далалық жаттығуларға шығамыз, – дейді РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінің 5-курс курсанты Әлішер Асқарбек.

Ұландықтарды даярлау кезінде басты назар тәртіпке, дене және жауынгерлік дайындыққа аударылады.

Түркия Жандармерия академиясында біз тіл үйрену, саптық даярлық бойынша сабақтарға қатысып, әскери тактиканы меңгерудеміз. Инструкторлар өз тәжірибелерімен бөліседі, ал қатаң тәртіп пен жоғарықарқын болашақта кез келген жағдайға бейімделуге көмектеседі, – дейді Түркия Республикасы Жандармерия және жағалау күзеті академиясының дайындық курсының курсанты Ғани Ұзақбай.

Айта кету керек, Ұлттық ұлан  офицерлерінің жауынгерлік әзірлігін, кәсібилігін және басқа да күш құрылымдары арасындағы беделін қамтамасыз ету - оның даярлығының маңызды элементі саналады. Бұл үдерістің артында қазақстандық және шетелдік әскери оқу орындарының көп жылдық еңбегі тұр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады