«Бәрін Алла көріп тұр»: әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайым өзін айыптағандарға жауап берді

12.03.2025, 13:45
782
«Бәрін Алла көріп тұр»: әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайым өзін айыптағандарға жауап берді әлеуметтік желіден

Мұса Әбдірайым қызметкерді құтқарғаны үшін Тоқаев оған награда берген еді. Айтуынша, қазір оны қаралайтын адамдар да көбейген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы әуежайында қолына пышақ ұстаған ер адамды қарусыздандыру арқылы көпшілікке танымал болған Мұса Әбдірайым пікір білдіріп жатқан оқырмандарға жауап берді. Бірі оны батыр десе, енді бірі қойылым кейіпкері деп атаған.

ZTB-ға берген сұхбатында Әбдірайым қолдау мен сынды қалай қабылдағанын айтты.

Әркім әртүрлі айтып жатыр. Бірі шексіз алғысын білдіріп жатыр. Ал енді бірі жағымсыз пікірлер жазып жатыр. Бұған не айтасың? Бәрін Алла көріп тұр. Біреудің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не айтқысы келсе де өз еркі. Менің де басым екеу емес қой. Кейбіреулер кино деп жатыр екен. Қайдағы кино? Мұндайды түсіру қиын ғой. Ақылға қонбайды, - деді ол.

Дегенмен өзін қолдап жатқан жандардың да аз еместігін алға тартты.

Қоғам тарапынан қолдау көп. Президенттің өзі марапаттады. Бәріне алғысым шексіз. Мен үшін ең маңыздысы – бойжеткеннің аман қалғаны. Сол ой маған жылулық сыйлайды. «Қыздың орнына мені кепілге алыңыз» дегенде де, оның соңы қалай болады, не болады дегенді ойламаппын, - деді Мұса Әбдірайым.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды