Елімізде туу көрсеткіші ең жоғары өңір – Түркістан облысы боп шықты

12.03.2025, 17:36
564
Елімізде туу көрсеткіші ең жоғары өңір – Түркістан облысы боп шықты Sputnik

Ұлттық статистикалық бюросы деректерін жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізде туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастады.

Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 12 айында Қазақстанда 365,9 мың бала дүниеге келді, оның ішінде 51,6% ұлдар, 48,4% – қыздар. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 388,4 мың болған.

Бюро дерегінше:

қалалық жерде - 219,1 мың сәби немесе жалпы туғандардың 59,9%;

ауылдық жерде - 40,1%, яғни 146,7 мың бала дүниеге келген.

Былтыр жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,15-ті құрады, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамға 19,52 болған.

Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі:

Түркістан облысы;

Маңғыстау облысы;

Шымкент қаласында байқалған.

20 жасқа дейінгі қыздар өткен жылы 11,9 мың баланы дүниеге әкелсе, 50 жастан асқан әйелдер 100 сәби босанған.

Сонымен қатар 2024 жылы аналардың орташа жасы 29,8 жас болды.

Аталған кезеңде 3 721 егіз, 46 үшем дүниеге келген.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады