Астанадағы үйлердің кіреберісінде жезөкшелік қызметтің жарнамасы қаптады

Аиса Махамбет Редактор
13.03.2025, 12:32
467
Астанадағы үйлердің кіреберісінде жезөкшелік қызметтің жарнамасы қаптады бейнежазбадан алынған кадр

Үйлердің кіреберісіне жарнамалық QR код жабыстырып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы тұрғын үй кешендерінде жезөкшелік қызметтің жарнамасы ілінген. Тұрғындар ұятсыз жарнама кіреберісте жабыстырып тұрғанын айтады. Интимдік қызметтер туралы ақпаратта  егжей-тегжейлі нұсқауларды ашатын QR коды бар. Бұл туралы КТК арнасы жеткізді.

Елордалық тұрғындар жезөкшелерге тапсырыс беру жарнамасы ашықтан-ашық таралып жүргеніне шағымданды.

“Бұлай болмас үшін біреу қадағалап отыруы керек. Егер олар кіреберістерге осылай іліп қойса, жақын арада әрбір пәтерге жарнаманы іліп кетер. Барлық жасты соған жетелеп жатқандай! Бұл өте қорқынышты! Бұған менталитетіміз әлі дайын емес. Бәлкім, Америкада мұны қалыпты нәрсе деп қабылдайды. Бірақ біз дайын емеспіз және дайын болмағанымыз жөн”, – деді елордалық Ақтоты.

Осы жарнамадағы QR кодын сканерлеу арқылы кез келген адам қыздарды таңдап, тапсырыс бере алатын әлеуметтік желі парақшаларына кіре алады. Онда клиенттерді "Қазақстанның ең нәзік қыздары" күтеді деп жазылған. Ұйымдастырушылар өтініштерді 14 наурыздан бастап қабылдайтынын жазыпты.

Мәжіліс депутаттары атышулы хабарламаларды естіп үлгерді. Олар мұндай ақпараттың таралуымен тек полиция емес, кем дегенде тағы екі мемлекеттік орган айналысуы керек деді.

Ақпарат министрлігі – бізді ақпараттан қорғайтын министрлік. Техникалық бөлігі, бұғаттау цифрлық даму министрлігі мен қауіпсіздік агенттіктерінің қолында. Ал осы контенттің салдары болса, полиция айналысады”, – деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді