Ағалары 6 жыл бойы зорлаған 13 жасар қыз босанды

Аиса Махамбет Редактор
13.03.2025, 13:52
1057
Ағалары 6 жыл бойы зорлаған 13 жасар қыз босанды pixabay.com

Зорлықтың кесірінен ана атанған қыздармен жиі кездесемін дейді Динара Зәкиева.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенатта жасөспірімдер арасындағы жүктілік мәселесіне арналған отырыста бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықтың ауқымы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Отырыс барысында Динара Зәкиева туыстары алты жыл бойы зорлаған қыздың жан түршігерлік оқиғасын еске салды.

"Мен жыныстық зорлық-зомбылық құрбанына айналып, ана атанған қыздармен жиі кездесемін. Жақында Жамбыл облысына барып, 13 жасында ұзақ жылдарға созылған зорлықтың салдарынан бала босанған қызды көрдім", – деді Закиева.

Қазір Түркістан облысындағы әлеуметтік қолдау орталығында 13-15 жас аралығындағы 16 кәмелетке толмаған ана бар. Олардың барлығы өз туыстары тарапынан зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған.

"Көпшілігі өздеріне қылмыс жасалып жатқанын түсінбеген. Олар барлық отбасыда осылай өмір сүретін шығар деп ойлаған. Бұл мәселенің қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді және оны шешу қажеттігін дәлелдейді", – деді ол.

Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, зорлық-зомбылықпен күрес төрт негізгі бағытта жүргізіледі:

- құқықтық базаны күшейту;

- өзін-өзі қорғау және ақпараттандыру құралдарын дамыту;

- отбасымен жұмыс, қауіп факторларын ерте анықтау;

- инфрақұрылымды дамыту, жәбірленушілерге уақтылы көмек көрсету.

Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қабылданған заңда зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары қарастырылған. Бұл шаралардың ішінде проблемалық отбасыларды анықтауға арналған мобильді топтар құру және әр ауданнан отбасын қолдау орталықтарын ашу қарастырылған.

"Қазіргі уақытта 112 орталық ашылды, тағы 109-ы құрылу кезеңінде. Мысалы, Түркістан облысында бұрын тек бір ғана орталық болған. Әйелдер мен балалар алыс ауылдардан қалаға баруға мәжбүр еді. Қазір өңірде 13 орталық бар, тағы төртеуі тіркеуден өтіп, жақын арада жұмысын бастайды", – деп қосты Динара Зәкиева.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды