Сарыағашта балаларға аяғын уқалатып қойған медресе ұстазы көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.03.2025, 14:37
725
Сарыағашта балаларға аяғын уқалатып қойған медресе ұстазы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Дін қызметкерінің бұл қылығы әлеуметтік желіде сынға ұшырады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкері сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында экс-президент Назарбаевтың ағасы Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешітте болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Кадрлардан бірнеше баланың медресенің бас ұстазы Абдужаппар Смановтың аяғын уқалап жатқанын көруге болады.

Бұл жағдайға қатысты Абдулахад Сманов желідегі парақшасында жазба жариялап, видеодағы аталарының аяғын уқалап жатқан немерелері екенін айтты.

"Әлеуметтік желіде бір видео кеңінен тарап жатыр екен. Сондағы айтып жатқаны "жас балаларға аяғын уқалатып қойып, өзі жәннатта жүргендей" деген сөздері екен. Осы мәселені тарқата кетсем. Бұл жерде атамыздың аяғын уқақалап жатқан балалар - атамыздың өзінің немерелері. Ешқашан атамыз өзге адамдарға аяғын ұқалатқан емес. Тек өз балаларына және немерелеріне тәрбиелік тұрғыда аяғын ұқалауына рұқсат еткен. Тәрбиелік тұрғы дейтінім, біз қазақ әрқашан үлкеннің қолына су құйып, атаның қызметін жасап, батасын алуға талпынған халықпыз. Өзіміз де, марқұм әкемізге және атамызға қызмет етіп өстік, батасын алуғы тырыстық, одан кем болған жоқпыз”, –  деп жазды Абдулахад Сманов. 

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды