«Намысты жігіттің бәрі солай жасар еді»: Бағлан Әбдірайымов әуежай қызметкерін құтқарып сынға қалған ағасына қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
13.03.2025, 15:15
574
«Намысты жігіттің бәрі солай жасар еді»: Бағлан Әбдірайымов әуежай қызметкерін құтқарып сынға қалған ағасына қолдау білдірді жеке мұрағатынан

Мұса Әбдірайым қызметкерді құтқарғаны үшін Тоқаев оған награда берген еді. Айтуынша, қазір оны қаралайтын адамдар да көбейген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы әуежайында кепілге алынған қызды құтқарған қазақстандық Мұса Әбдірайым “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың туысқаны болып шықты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі жеке парақшасында ағасымен мақтанатынын жасырмады. 

“Абдраймов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазір 5 баласы бар, ардақты әке. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деген жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз – ерлік. Бала-шағаның несібесі таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықсыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Алматы әуежайының қызметкерін қарулы ер адамнан құтқарып қалған Мұса Әбдірайым қазақстандықтардың айыптауына жауап берген еді. 

“Бұл оқиға туралы әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі шексіз алғысын жеткізсе, енді бірі сынап, жағымсыз сөздер айтып отыр. Алла бәрін көріп тұр. Көптің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не айтқысы келсе, соны айтсын", –деді Мұса Әбдірайым. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды