Жаңаөзенде жол апатының кесірінен бірден екі бала қаза болды

14.03.2025, 10:44
662
Жаңаөзенде жол апатының кесірінен бірден екі бала қаза болды Shutterstock

Қайғылы оқиға тасжолда болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында орын алған жол-көлік оқиғасы екі кәмелетке толмаған баланың өмірін қиды.

Әлеуметтік желілерде жол апаты орнынан түсірілген бейнематериалдар таралды, бейнежазбадан жолдан шығып, аударылып қалған көлікті көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендерге сол маңдағы жүргізушілер көмекке келіп, көліктің ішіндегі адамдарды сыртқа шығарған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға Жаңаөзен тас жолында орын алған.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының хабарлауынша, жол апаты 12 наурыз күні кешке болған. Апат салдарынан бес адам зардап шеккен, оның ішінде екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, қабылдау бөлімінде көз жұмған.

Оқиғаға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды