664

Қазақстан Байқоңырдағы Ресей меншігінің бір бөлігіне ие болды

Қазақстан үкіметі 2023 жылғы 3 наурыздағы "Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстан Байқоңырдағы Ресей меншігінің бір бөлігіне ие болды
smartnews.kz

"Осы қаулы қосымшасына сәйкес Ресей Федерациясының федералды меншігіндегі мүлік республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын", - делінген құжатта.
Осылайша Қазақстан өзінің жеке меншігі мыналар болды:

1991 жылы шығарылған 11F647M «Экран-М» ғарыш кемесі, оның құрамдас бөліктері мен бөлшектері;

1993 жылы шығарылған құрастыру-қорғау блогы, оның құрамдас бөліктері және қосалқы құралдар мен арматура;

1991 жылы шығарылған объектілерді тестілеу жүйесі;

1986 жылы шығарылған жүйелер - 2 дана.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.