«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2025, 12:17
1104
«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмады жеке мұрағатынан

Неге тағы туып алмайсың деп сұрамаса екен деп отырамын дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева балалы болуға қатысты қиындыққа тап болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Психология маманы көпбалалы ана болғысы келгенін алайда денсаулығының сыр бергенін жасырмады. 

“Мен көп перзентім болса деп көп армандадым… Қаралмаған жерім жоқ! Бір жерге барсам "осы сен неге тағы туып алмайсың" деп сұрамаса екен деп отыратынмын… Әсіресе көпшілік жерде.. Жүрегіме біз тығып алғандай әсер ететін…Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар.. Көріп қалсақ бас саламыз…"Неғып тумай жүрсің?!", "Жас кезіңде туып алсаңшы", "Қашан барамыз шілдеxанаға?!"… Бала күтудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінем…Жаның жабығып жүргенде осындай сұрақтар одан сайын езіп жібереді-ақ. Әсіресе жұрттың көзінше…”, – деп жазды коуч. 

Сондай-ақ, айтыс өкілі қоғамда ауыр сөз айтатын адамдардың көбейгеніне налыды. 

“Неге жұрттың өмірі қызық?! Не шаруамыз бар?! Ал білдік, жауапты. Естідік! Бақытты боп кеттік пе? Раxаттанып қалдық па? Қызық па екен?! Әлеуметтік желіде де сол… Көп сұраққа жауап беру – ауыр… Адамның көңіліне қарау да мәдениеттіліктің, имандылықтың белгісі..! Көңілге қарап сөйлеп үйрене білейік", – деп ағынан жарылды ақын.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)