Қырғызстан парламенті педофилдерге өлім жазасын тағайындау жөнінде референдум өткізуді сұрады

10.03.2023, 11:25
523
Қырғызстан парламенті педофилдерге өлім жазасын тағайындау жөнінде референдум өткізуді сұрады smartnews.kz

61 парламентарий президентке педофилдерді өлім жазасына кесу туралы референдум өткізуді ұсынды. Қаулы жобасы қаралуы мүмкін, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұған дейін Қырғызстан парламентінің бірнеше депутаты жасөспірімдерді зорлағандарға жазаны күшейтуді сұраған еді. Атап айтқанда, олар химиялық кастрацияны енгізу туралы бастама көтерді, деп мәлімдеді 24.kg.

Қырғызстанда өлім жазасына мораторий жарияланған. 1998 жылы Асқар Ақаев Адам құқықтары декларациясының қабылданғанына 50 жыл толуына орай өлім жазасына екі жылдық мораторий енгізді. Мерзімі біткен сайын ол жаңартылып отырды.

Конституцияның жаңа редакциялары іс жүзінде өлім жазасын алып тастады. Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылған.

Отставкадағы полиция полковнигі Александр Зеличенко бұған дейін елде өлім жазасын енгізуге қарсы екенін мәлімдеген.

"Қазіргі қылмыстық-құқықтық жүйе бойынша өлім жазасын қайтаруға қарсы екенімді айтқым келеді.Тіпті кеңестік дәуірде жұмысқа аса жауапкершілікпен қараған кезде де, кінәсіз болып шыққан адамдар атылды", деді Александр Зеличенко.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды