Алматы облысында есірткі зертханасы анықталды

10.03.2023, 11:50
722
Алматы облысында есірткі зертханасы анықталды Polisia.kz

Алматы облысының полициясы есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты  Polisia.kz сілтме жасап.

Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Бөлек ауылының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық есірткі құралдарын өндірген зертхананы анықтады.

"6 наурызда арнайы операция жүргізу кезінде Қарағанды облысының тумасы, 29 жастағы күдікті ұсталды. Тінту барысында үй аумағынан шыны колбалар түріндегі жабдықтар, кристалды нысандағы ақ түсті заттары бар науалар және прекурсорлары бар 15 канистр табылды және тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің белгілері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды," – деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылдау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ полиция ұсталған адамның 2022 жылдың желтоқсан айының басында Telegram арнасында есірткі өндірумен байланысты жұмыс ұсынған белгісіз адаммен танысқанын атап өтті.

Аталған ұсынысқа келісіп, 2022 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы облысының аумағына келген.

2023 жылдың қаңтарынан бастап ол Бөлек ауылына қоныстанып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асырған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді