1042

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды

Жасымды сүртейін десем, орамал алмаппын дейді журналист.

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновті есіне алды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

БАҚ өкілі продюсер Баян Мақсатқызы мюзикл-шоуында марқұм сазгерді есіне алғанына рақмет айтты. 

“Көз жасымды тоқтата алмадым. Баян Мақсатқызының Астанада Queen show-ы өтті. Арман Дүйсеновтың “Туған жер” әнінің шығу тарихына тоқталғанда көз жасымды тия алмадым. Сүртейін десем, орамал алмаппын. Ешкім көріп қоймасын дегендей қолыммен қайта-қайта бетімді сипап қоям…

Себебі құран бағыштауға Қайрекеңнің басына барған сайын, мазаратының қасынан Арман мен ұлының жатқан жерін көреміз. Соңғы рет барғанда да, қарап тұрып, жүрегімнің сыздағаны-ай! Кезінде жақын араласқан Арманды, ұлын “Алла тағала панасына алсын” деп дұғамызға қостық. Кеше Баян Арекеңді көрсетіп, еңбегін елеп, құрметін білдіргенде сол бір Кеңсайдағы көрініс көз алдыма келе берді”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Еске салайық, марқұм сазгердің ұлы да дүниеден озған еді. 

2024 жылы 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған еді. Марқұмның қолдары байланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия. Жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор