Оралдағы ауыл көпірін тасқын суы бұзып тастады

17.03.2025, 09:15
118
Оралдағы ауыл көпірін тасқын суы бұзып тастады Kazinform

16 наурыз күні таңертең көпірдің айналасындағы топырақты су шайып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сырым ауданы Аралтөбе ауылы маңында көпірді су шайып, аудан орталығымен қатынас үзілді. Бұл туралы Kazinform жазды. 

Сырым ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, қардың күрт еруі салдарынан су деңгейі көтеріліп, 16 наурыз күні таңмен уақытша көпірдің айналасындағы топырақ шайылып кетті. Негізгі көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты жол жабылып, көлік және жаяу жүргіншілердің қозғалысы тоқтатылды. Сырым аудандық төтенше жағдайлар және аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта Аксай қаласы жағынан баламалы кіру жолдары бар. Қалпына келтіру жұмыстарын су деңгейі төмендеген соң бастау жоспарлануда, - деп хабарлады Сырым ауданы әкімдігінен.

Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Әділхан Мұхитовтың нақтылауынша, Шідерті өзеніндегі су деңгейі 15 наурыз күні сағат 16.00-ден бастап күрт көтеріліп, бүгін таңғы 04.00-05.00-терде көпірді екі жағынан жырып кеткен.

Ауылда он күнге жететін азық-түлік қоры бар. Аралтөбеде 190 үйде 664 адам тұрады. Орта мектеп, амбулатория, мәдениет үйі сияқты әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр. Аудан орталығы жағынан «КамАЗ» көліктерімен құм-қиыршық тас қоспасы тасылып, көпірді қайта бекітуге қам жасалатын болады. Қиындық туындаған жағдайда Тасқұдық ауылы арқылы 90 шақырым қашықтықта орналасқан Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласына қатынауға болады. Тасқұдыққа дейін 45 шақырым грейдер жол, ар жағы – асфальт, - деді Ә.Мұхитов.

Сонымен қатар Қаратөбе ауданы Ақтайсай ауылының тұрғындары аудан орталығымен байланыстыратын жолдың үстімен су өткенін хабарлады.

- 15 наурыз күні сағат 16.00-де Қаракөл ауылдық округі Ақтайсай ауылының іргесіндегі Таян өзенінен өтетін өткелдің үстінен қар суы өтті. Ені - 20 метр. Елді мекенге қауіп жоқ, - деді бұл оқиғаға байланысты Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев.

«Шешесі екеуміз далада бақырып жылап жүрміз»: Ұлын Америкаға жіберген Қайрат Әділгерей өкінішін жеткізді «Айлық 62 мың теңге»: Ақтөбелік «Қазпошта» қызметкерлері жалақының аздығына шағымданды Сарыағашта балаларға имамның аяғын уқалатқан медресе бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы алған «Енді балаңыз оянбайды»: Алаяқтар балабақшадағы балалардың ата-аналарына үрейлі хабарламалар жіберген (ВИДЕО) Оралдағы ауыл көпірін тасқын суы бұзып тастады Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды «Жауын-шашынсыз күн»: 17 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды "Тұрсыннің балаларының көз жасына кім жауап береді?!": Дана Нұржігіттің продюсер Баян Мақсатқызы туралы пікірі жұртқа жақпай қалды "Көз жасымды тоқтата алмадым": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды "Жабайылық деген – осы": Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады «Жалған «коучтар» көбейді»: Қайырымдылық үшін өтірік ақша жинайтындарға Тоқаев ескерту жасады "Дінге бет бұрып кетті": Гүлзира Айдарбекова әнші Сырым Исабаевқа қатысты шындықты айтты Ақтөбеде ер адам бір түнде екі машинаны ұрлап кеткен «Осымен бәрі бітті деп ойладым»: Сот залынан бостандыққа шыққан жігіт басынан өткенін айтып берді Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен жаншып өтіп, мүгедек қылған «Әйелі кешіргісі келмейді»: Қайрат Нұртас сахнада ән айтып тұрып, көз жасына ерік берді «Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмады Көпбалалы ананы отырыс кезінде өлтіріп кетті Балалар үйінің тәрбиеленушілері жұмысшы мамандықтарды меңгереді Жаңаөзенде жол апатының кесірінен бірден екі бала қаза болды