Сарыағашта балаларға имамның аяғын уқалатқан медресе бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы алған

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2025, 10:10
778
Сарыағашта балаларға имамның аяғын уқалатқан медресе бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы алған бейнежазбадан алынған кадр

Қаражат кәмелетке толмағандарды оқытуға жұмсалады деп көрсетілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, имамның аяғына массаж жасап жатқан балалардың видеосы түсірілген Сарығаш медресесі 2018 жылдан бастап бюджеттен 1,93 миллиард теңгеден астам қаржы алған. Лоттарға қарасақ, қаражат кәмелетке толмағандарды оқытуға жұмсалған.

Мемлекеттік сатып алулар сайтынан Түркістан облысының білім басқармасы мен "Сарыағаш" медресе колледжі арасында жасалған барлық келісімшарттардың тізімін табуға болады.

Оған сәйкес, 2018 жылдан бері медресе облыс әкімдігінен мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүздеген миллион теңге алып келген. 

Түркістан облысының әкімдігі Қазақстандағы кез келген білім беру мекемесі, діни бағытына қарамастан, мемлекеттен қолдау ала алатынын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 2018-2025 жылдар аралығында медресе 900 гранттық орын алған. Онда студенттер "Исламтану", сондай-ақ "Имам-хатиб" және "Оқытушы" біліктіліктері бойынша оқытылады.

2018-2024 жылдары медресе мемлекеттік бюджеттен 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы алған, ал 2025 жылға арналған келісімшарт сомасы 290 миллион теңге. Ол көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес ай сайын аударылып отырады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сарыағаш медресесінің директоры Абдіжаппар Смановқа балалардың массаж жасап жатқан видеосы тараған болатын.

Шағымдардан кейін Түркістан облысының білім басқармасы бұл балалардың Смановтың немерелері екенін және олардың оған құрмет көрсеткенін мәлімдеді.

Медресе Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Әбішұлының есімімен аталады, ол 1981 жылы 34 жасында қайтыс болған.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды