Қыз зорлап сотталған полиция бастығының әйелі де қылмыс бойынша тергеліп жатыр

17.03.2025, 12:51
698
Қыз зорлап сотталған полиция бастығының әйелі де қылмыс бойынша тергеліп жатыр әлеуметтік желіден

Талдықорған полициясы экс-басшысы Марат Күштібаевты «құтқарғысы» келген әйелі пара беру ісі бойынша тергеліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың әйелі пара берді деген күдікке ілініп, тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Күштібаев қыз зорлағаны үшін бас бостандығынан айырылған болатын.

Жетісу облыстық прокуратурасының мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 422-бабының 1-бөлігімен (Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу) жәбірленушіге пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді, – делінген хабарламада. 

Жетісу облысының Көксу аудандық соты бұған дейін Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев пен алаяқтық ісі бойынша тағы екі адамға үкім шығарған. Сот материалдарына сәйкес, Күштібаевтың әйелі жәбірленуші мен оның жігітіне хабарласып, белгілі бір соманы ұсынып, істегі бастапқы айғақтарды өзгертуін сұраған. Бұл "келісімге" қалалық соттың хатшысы делдалдық етіп, тартылған сома көлемі 40 миллион теңгені құраған.

Алайда ақшаны алған жәбірленуші өз айғақтарын өзгертуден бас тартқан. Бұған жауап ретінде Күштібаевтың әйелі оларды алаяқтық жасады деп айыптап, құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Нәтижесінде, соттың шешімімен хатшы, жәбірленуші қыз және оның жігіті 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Марат Күштібаев бұған дейін қызмет бабын пайдаланып зорлау қылмысын жасағаны үшін сотталған. Оның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қаралған. 29 ақпанда оның сот процесі басталғаны хабарланған болатын.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды