Экологияны ойлайтын жандардың жәрмеңкесі: Дармарка жайлы білесіз бе?

17.03.2025, 16:56
291
Экологияны ойлайтын жандардың жәрмеңкесі: Дармарка жайлы білесіз бе? Азербай Амина

Қоғам табиғатқа деген жауапкершілікті сезінген сайын экологиялық бастамалар да көбейіп келеді.

15-ші күні өткен Дармаркет ("Дар" – сыйлау, "маркет" – базар) жәрмеңкесі – осының айқын дәлелі. Бұл шараның басты мақсаты – табиғатқа келетін зиянды азайту, қажетсіз заттарды қайта айналымға жіберу және экологиялық сауаттылықты арттыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы 1 тоннаға жуық қоқыс жиналып, қайта өңдеуге тапсырылған.

"Дармарканың өтіп жатқанына 4 жыл болды. Бұл - біздің 13-ші жәрмеңкеміз. Біз күнделікті қолданатын заттар қоқысқа айналып, экологияға зиян тигізеді. Сондықтан оларды өңдейтін компанияларға өткізу маңызды. Сонымен қатар, экологиялық білімді арттыру мақсатында шеберлік сабақтары (мастер-класстар) ұйымдастырылады," - дейді ұйымдастырушы Зере Сейтімбек.

Шара аясында келушілер ескі киімдерден жаңа заттар тігуді үйреніп, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптаудың жолдарын меңгере алды.

Дармаркетте "Приют" деп аталатын арнайы бөлме де болды. Мұнда адамдар үйінде артық қалған көрпелерді, жануарларға арналған тамақ пен басқа да керек-жарақтарды әкеліп, баспанасыз жануарларға көмектесе алады.

"Қоқысқа тастағанша, пайдаға асырған дұрыс. Ал жануарларға арналған приюттар үшін мұндай көмек аса маңызды," – дейді ұйымдастырушылар.

Эко-дүкендер: тұтынуды саналы түрде өзгерту.

Жәрмеңке тек зат алмасу мен қалдықтарды сұрыптаумен шектелмейді. Мұнда экологиялық таза өнімдерді сататын арнайы дүкендер де болды.

 "Біз бір реттік пластикті қолдануға қарсымыз. Егер біздің құндылықтарымызға сай келмейтін дүкендер бізге серіктестік ұсынса, олардан бас тартамыз," - дейді ұйымдастырушылар. Эко-косметика, табиғи өнімдер мен көп реттік заттар - жәрмеңкеде сатылған тауарлардың негізгі бөлігі.

Дармаркет қалалық әкімдікпен бірлесе отырып ұйымдастырылады. Мысалы, өткен жазда болған жәрмеңкеде Жетісу паркінде жер бөлу мәселесі бойынша көмек көрсетілді. Сонымен қатар, іс-шара соңында экологиялық викторина өтіп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталады, сұрыпталған қоқыс қайта өңдеу орталықтарына жеткізуге көмектеседі.

Шараны ұйымдастыратын негізгі команда – 10 адам, бірақ көптеген волонтерлер ерікті түрде көмек көрсетеді. Оларға экология туралы білім алу, пайдалы істерге атсалысу және жәрмеңкеде жеңілдіктер алу мүмкіндігі беріледі. Волонтерлер қатарына қосылу үшін жауапты маманға хабарласу жеткілікті.

Бұл жәрмеңкеде ұйымдастырушылар қызық, идеямен үндес сөздерді де жаза кеткен:

Think globally, act locally (Жаһандық тұрғыда ойла, жергілікті түрде әрекет ет)

- Tomorrow nature doesn’t need us, but we need nature (Ертең табиғат бізге мұқтаж емес, ал біз табиғатқа мұқтажбыз)

Бұл ұрандар шараның басты идеясын айқын көрсетеді: экологияны жақсарту әркімнің қолында! Ал сіз келесі Дармаркеге қатысуға дайынсыз ба?

Автор: Азербай Амина

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды