644

Даңқты даталар жылы: Ұлттық музейде тарихи көрме

“Ер есімі-ел есінде” демекші биыл Ұлы Отан соғысына 80 жыл, қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы Бауыржан Момышұлына 115 жыл, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге 110 жыл, қазақтың батыр қыз, мергені Әлия Молдағұлова 100 жыл толып отыр. Осыған орай, Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде “Батырлар - ұрпақ есінде” көрмесі өтіп жатыр.

Даңқты даталар жылы: Ұлттық музейде тарихи көрме
Алина Еркінбек

Атаулы даталарға орай ұйымдастырылған көрмеде тарихта есімдері қалған тұлғаларымыздың өмірі туралы сыр шертетін арнайы жәдігерлер қойылған. Онда батырлардың киген киімдерін, жазған хаттарын, қолданған заттарын, суреттерін, марапаттарын көруге болады. Ең бастысы – бұл экспонаттар белгілі тұлғалар шынайы өмірде қолданған түпнұсқа заттары.

“Көрмеде Б.Момышұлы атындағы музейден, Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы музейден және Ақтөбе қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы музей қорынан әкелінген экспонаттар мен ұлттық музей қорындағы жәдігерлер көрсетілген. Б. Момышұлының жеке киімі, соғыс кезінде қолданылған стратагиялық картасы, лупасы, қару-жарақтар, әртүрлі қолданылған заттары қойылған. Барлығы - түпнұсқа”, - деді музей қызметкері Арғынова Гульжан. 

Түпнұсқасы сақталған экспонаттарды көріп тамсанған келушілерде біршама. Олар көрмені аралау барысында тарихи мәліметтермен де танысып шықты. 

“Ұлттық музейде өз көзімен көру ерекше сезім береді екен. Батырлардың осындай бұрынғы заманнан сақталған заттары келер ұрпаққа жақсы үлгі-өсиет болады деген ойдамын. Арнайы уақыт бөліп келуге кеңес беремін”, - деп өз сезімімен бөлісті келушілер бірі Таңшолпан Алимова. 

Көрмеге келем деушілерге ұлттық музей есігі баршаға ашық. Көрме әлі бір айдай жалғасын табады. Билет құны оқушыларға - 300 теңге, үлкендерге - 700 теңге. 

Автор: Алина Еркінбек