4579

«Шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы сырды ақтарды

Өзі жоқ болғасын көп ашық айта алмаймын дейді марқұм күйеуін еске алған әнші.

«Шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы сырды ақтарды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова оқырмандарымен сырласып, олардың бірнеше қойған сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесіне желі қолданушысы "Күйеуге тимегенде тағдырыңыз басқаша болар еді?!" деген сұрақ қойды. Халық әртісі шынайы жауап қатты. 

“Бар шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады. Дәл осындай азаматқа күйеуге шығу арман болмады. Өзі жоқ болғасын көп ашық айта алмаймын. Өйткені марқұм халыққа көп көмегі тиген еді”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қалай ғашық болғанын айтқан еді. 

“Мен ол кісінің есігін қағып, босағасына барып “Мені алшы” деп жалынған емеспін. Тіпті ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. “Шешең берсе де, бермесе де аламын” деді. Қолында билігі болды. Айналасында біз қорқатын адамдар болды. Алғаш кезде біз ол кісіден қорықтық. Кейін барып, сыйластық орнады”, – деген еді халық әртісі. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор