Танымал әншінің қарындасы екі бала күтушісінің бір күнде үйін тонап кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2025, 19:17
1791
Танымал әншінің қарындасы екі бала күтушісінің бір күнде үйін тонап кеткенін айтты жеке мұрағатынан

Желіде танылған блогер Дина Төреәлі күтушілерінің ақшаны сөмкесімен бірге алып кеткенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Дина Төреәлі бір күнде екі бірдей бала күтушісін жұмыстан босатты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Желі жұлдызы үйінен ақша ұрланғанын айтып, оқиғаны баяндап берді. 

“Бір күннің ішінде екі бірдей бала күтушім өз орындарын босатты. Қысқасы, бөлмемнен көп суммада ақша ұрланды. Бірнеше миллион теңге еді. Не нәрсенің қалай болғанын айтып, жариялап, жағдайды ушықтырғым келмейді. Үй көмекшісінің де атын айтып, түсін түстегім келмейді. Он бәленің тоғызы тілден деген. Бір бала күтушісінің тілінің ұзындығының кесірінен 102-ге хабарласуға мәжбүр болдым. Мен баламды босанып жүріп, ұйықтамастан тапқан еңбекақым еді. Дәл сол ақшада екінші ұлымның да жәрдемақысы бар. Себебі перзентханада жатқан кезде де тынбай жұмыс істедім. Сөмкесімен бірге алып кеткен. Жақсы өмір сүргілерің келсе, жұмыс істеңдер. Біреудің дайын ақшасына қол сұқпаңдар”, – деп жазды блогер. 

Одан кейін блогер баласын қолының сұғанақтығы бар адамдарға тапсырғанына өкінетінін жеткізді. 

“Білесіздер ме… Қолының сұғанағы бар адам менің шаңырағымда жүріп ақша ұрлағаны емес… Баламды сеніп тапсырып жүргенім үшін жүрегім ауырып, бойымды қорқыныш байлап кетті… Екеуінің қайсысы алғаны дәл қазір бір Аллаға мәлім. Ешкімге кінә артып, жала жаппаймын. Мен үшін хайырлы емес адамдарды жеңіл күйде менен және балаларымнан алшақтатқаны үшін Аллаға шүкір. Қасиетті Рамазан айында міне осындай жағдай. Алладан қорқып, ұялмаған адам басқаларды қайтсін? Ақша табылған жоқ. Менде осы істі соңына дейін апаруға, барлығының жүздеріне дейін көрсетуге мүмкіндік көп. Бірақ мен солай істеуге Алладан қорқамын. Адал еңбегіммен Алла маған ризық несібемді беріп отырса, әлі де береді. Мен сенемін. Ал ұрлаған адамды бір Аллаға тапсырдым. Қазір шетелдік бала күтушісін жалдадым", — деп жазды ол.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды