Оңтүстік Калифорния тауларындағы қарлы боран 13 адамның өмірін қиды

10.03.2023, 13:34
433
Оңтүстік Калифорния тауларындағы қарлы боран 13 адамның өмірін қиды smartnews.kz

Оңтүстік Калифорнияның Сан-Бернардино округінде болған қарлы боран салдарынан он үш адам мерт болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ABC News агенттігіне сілтеме жасап.

Сан-Бернардино округінің полициясы әр қайғылы жағдайды жеке тергеп жатыр. Бұл өлімдердің тек біреуіне ғана ауа райының қолайсыздығынан болған жол-көлік апаты себеп болғаны анықталды.

23 ақпанда Ұлттық метерология қызметі Сан-Бернардино тауларында кейінгі отыз жылда тіркелмеген қарлы боран болатынын ескертті. Әуелде синоптиктер 1,5 шақырым биіктікте қалыңдығы 150 см болатын қар жауады деп болжаған.

Қарлы боран салдарынан Калифорнияда ақпанның соңынан наурыздың басына дейін бұрын-соңды болмаған қар жауды. Таулы аймақ тұрғындары өз үйлерінде қар құрсауында қалып немесе қалың қар салдарынан үйлеріне жете алмай қалғандықтан 27 ақпанда Сан-Бернардино округі төтенше жағдай жариялады.

Тіпті Сан-Бернардино тұрғындары қар басып қалған үйлерінен 14 күн бойы шыға алмай, азық-түліксіз қалған оқиғалар кездескен.

Ориндж округінде бастауыш және орта мектептің 600-ге жуық оқушысы үйлеріне қайта алмағандықтан демалыста оқу орнында қалуға мәжбүр болды.

Губернатор әкімшілігінің мәліметі бойынша, бригада Сан-Бернардино округінің тасжолдарынан 5,5 млн текше метр қарды тазалаған. Бұл 2270 олимпиадалық жүзу бассейнінің көлемімен бірдей.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді