ХҚКО-да кезек күту уақыты 2 сағаттан 40 минутқа қысқарған

18.03.2025, 10:47
386
ХҚКО-да кезек күту уақыты 2 сағаттан 40 минутқа қысқарған gov4c.kz

Қызмет алушылардың саны артты дейді ХҚКО өкілі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекте тұру уақыты 120 минуттан 40 минутқа дейін қысқарды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек айтты. 

— «ХҚКО қызметкерлерінің азаматтарды құжаттандыруы» жобасы республикалық маңызы бар қалаларда және еліміздің барлық облыс орталығында жүзеге асырылуда. 2022 жылдан, яғни жоба іске қосылған сәттен бастап, кезекте тұру уақыты 120 минуттан 40 минутқа дейін қысқарып, қызмет алушылардың саны артты. Жалпы ХҚКО қызметкерлері 1 508 346 адамды құжаттандырды, — деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, ІІМ Денсаулық сақтау және Әділет министрліктерімен бірлесіп, 2023 жылдың маусымынан бастап, жаңа туған нәрестелерге ЖСН беру бойынша жобаны іске асырып жатыр. 

— Қазірдің өзінде 45 281 ЖСН берілді. Жоба жаңа туған нәрестелерді мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелерінде есепке қоюға мүмкіндік береді. Бұл балалар саудасының алдын алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол туу туралы куәлік беру, аналарға арналған жәрдемақыларды шығару, балабақшалар мен мектептерге есепке қою сияқты мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі, — деді Шұғыла Тұрлыбек.

 

 https://kaz.inform.kz/news/hkko-da-kezek-kutu-uakiti-2-sagattan-40-minutka-kiskartildi-e60495/

Түркістанда бұрынғы келінін тойда ұрып тастаған қайын атаға қатысты сот шешімі шықты Астанадағы базарлар тексерілді: Қарақұмықтың бағасын 82%-ға көтергені әшкере болды Иманбекке «Құрмет» ордені берілді Астанадағы 3 жасар қыздың өлімі: анестезиолог соңғы минуттарда не болғанын айтып берді Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды Оңтайландырылған арнайы салық режимі кімдерге беріледі? Сәбидің 18-20 тісін бірден емдеу: Ұйықтатып қойып, оята алмай қалды Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО) Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады Қарағанды облысында оқушыны отқа ораған жасөспірімге үкім шықты Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев кездесті Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты Ақтөбеде автобус апатынан бес шетел азаматы қаза тапты Қадыров: Украина азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін қатаң жазаланды Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің лауазымы жоғарылады 16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді Трамп Зеленскийден «аздап көңілі қалғанын» айтты Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады