«Үлгі алатын жалғыз адам»: Айдар Тұрғамбек медреседе балаларға аяқ уқалатқан ұстаздың туысы боп шықты

Аиса Махамбет Редактор
18.03.2025, 12:10
1442
«Үлгі алатын жалғыз адам»: Айдар Тұрғамбек медреседе балаларға аяқ уқалатқан ұстаздың туысы боп шықты жеке мұрағатынан

Әнші желідегілер жазғырған тумасына қолдау білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Айдар Тұрғамбек мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкеріне қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Айта кетейік, оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында экс-президент Назарбаевтың ағасы Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешітте болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

“Қазір адамдардың үлкен қателігі, білмей жатып, тексермей жатып, танымай жатып өсекке араласып кететіні жанға батады. Кешегі қоғамда болып жатқан видеоға менің де кішігірім жауабым болсын. Абдужаппар нағашымды менен артық көп адам білмейтін шығар. Өйткені әрі нағашым, әрі ұстазым, кішкентай кезден қолында өстім. Тек Қазақстанға емес, тіпті Орта Азияға жасаған еңбегі орасан зор. Бүкіл ғұмырын Алла жолына арнаған. Қайтсем де қазақтың балаларын оқытсам, көзін ашсам, Алласы мен пайғамбарын танытсам деп келе жатқанына 30 жылдан асты. Бұл жасаған жақсылығының бір шеті ғана. Мен үшін Қазақстанда бүкіл өмірінен үлгі алатын жалғыз адам осы кісі. Көп нәрсе жазғым келіп отыр”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, ҚМДБ Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкеріне ескерту берді. 

Бұған дейін, аталған медресе бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы алғаны анықталды. 

2018-2024 жылдары медресе мемлекеттік бюджеттен 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы алған, ал 2025 жылға арналған келісімшарт сомасы 290 миллион теңге. Ол көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес ай сайын аударылып отырған. 

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды