«Аяқтары тілінген, тістері сынған»: Алматыда 20 жастағы келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Аиса Махамбет Редактор
18.03.2025, 12:50
3589
«Аяқтары тілінген, тістері сынған»: Алматыда 20 жастағы келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер шықты бейнежазбадан алынған кадр

6-қабаттан құлап қаза болған қыздың өлімі артында күйеуі тұрғанын айтқан марқұмның туыстары әділдік талап етіп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 наурызда "Асыл арман" тұрғын үй кешенінде 20 жастағы Ажар Тәуекелқызы алтыншы қабаттан құлап, көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқамен келіспейді және оның зорлық-зомбылық құрбаны болғанына сенімді. Бұл туралы КТК телеарнасы жеткізді. 

Оқиға куәгерлері бір күн бұрын марқұмның пәтерінен қатты айқай-шу шыққанын, үйде қонақтар болып, ішімдік ішілгенін айтады. Қайғылы жағдай орын алған кезде көршілер қатты соққы дыбысын естіген. 

"Бір зат түскендей дүрс ете қалды. Қызым жүгіріп барып қараса, бір қыз жатыр, бюстгалтер, трикомен. Өліп қалған. Біз жедел жәрдем шақыр деп айғайладық. Сол кезде бір ер кісінің дауысы шықты, жылаған. Бір күн бұрын түнде айқай-шу, қонақтар болды. Боқтады бір-бірін, арақ ішкен. Бізге сондай дыбыс естілді", – деді көршісі Тасбике Тұрымтаева.

Кейбірі балконнан екі адамның төмен қарап тұрғанын көрген, бірақ бұл видеолардың кейін жойылғаны айтылып жатыр.

Ажардың өліміне қатысты бір аптадан бері 105-бап, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша тергеу жүріп жатыр. Бірақ марқұмның жақындары "өзі секіріп кетті" деген нұсқамен келіспейді. Себебі мәйітті көрген кезде жағасын ұстап шошыған.

"Кішкентай немеремнің киімін алуға қарындасым кірген. Қараса, қан, тіс жатқан. Кәдімгі үш түбірі бар тіс көрдім дейді. Балконнан төрге дейін аққан қанның ізі бар", – деді марқұмның әкесі Тәуекел Жекебай.

Туыстары сол күні пәтерде күйеуі мен енесінен бөлек, тағы екі адамның болғанына сенімді. Тойлап, ішіп, араларында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан дейді әкесі. 

Марқұмның әкесі мен туыстары мәйітте ауыр жарақаттар болғанын, атап айтқанда, денесінде көгерген жерлер, аяқтарында тілінген іздер, сынған тістер мен қан іздері табылғанын мәлімдеді. Олар қызының күйеуі Надырбек, оның анасы Миуагүл және сол түні пәтерде болған екі адам – Әкежан мен Айымды күдікті ретінде қарастыруды талап етіп отыр.

"Қызым бір күні жылап, сурет жіберді. "Мама, Надырбек мені сабады" деді. Біз соны естідік те, сол күні билет жазғызып, ертеңіне қызымызды алғызып алдық. Кінәлі адам — Надырбек күйеуі, оның енесі — Миуагүл, сол кезде соның үйінде болған досы — Әкежан, оның жанына ілесіп келген қыз — Айым. Осы төрт адам қызымды зорлық-зомбылықпен өлтіріп, балконнан лақтырып жіберген", – деді марқұмның анасы.

Ажар осыдан үш жыл бұрын сыныптасына тұрмысқа шыққан, бірақ тұрмыста үнемі таяқ жегенін жақындары растап отыр. Ол бірнеше рет ата-анасының үйіне қашып барған, алайда күйеуінің кешірім сұрап, қайта алып кететін әдеті болған. Анасының айтуынша, қызы бұған дейін де күйеуі ұрып-соғып, жарақаттағанын дәлелдейтін суреттер жіберген.

Қазір полиция бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Марқұм Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде үшінші курста оқыпты. Қазақ тілінің мұғалімі боламын деп армандаған. Марқұмның артында бір жастан асқан ұлы қалды. Бүлдіршіннің туу туралы куәлігінде әкесінің аты көрсетілмегендіктен, бала заңды түрде нағашыларының тәрбиесінде қалатын болды.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды