1295

«374 млн теңге ақша мен 12 кг алтын»: «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Шымкентте 4000 салымшыны алдап келген пирамиданың қызметі тоқтады.

«374 млн теңге ақша мен 12 кг алтын»: «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

ҚМА мәліметінше, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.

Алайда шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.

Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Материал авторы